Алексей Полторанин «Тур де Ски» көпкүндігінде күміс жүлдегер атанды

Алексей Полторанин «Тур де Ски» көпкүндігінде күміс жүлдегер атанды

Бүгін Италияның Валь ди Фиемме қаласында «Тур де Ски» көпкүндігінде 15 шақырым қашықтықта ерлер арасында классикалық әдіспен шаңғы жарысы мәреге жетті, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Қазақстандық Алексей Полторанин өзінің сүйікті қашықтығында жақсы өнер көрсете білді. Үнемі алдыңғы лекте болған Алексей мен соңғы сәттерде ұшқырлық танытқан неміс шаңғышысы Тим Чарнкенің қайсысы жеңімпаз атанғанын фотомәре ғана анықтады. Сөйтіп шаңғысының ұшы сәл алда болған Тим Чарнке чемпион атанса, Полторанинге күміс жүлде бұйырды. Швейцариялық Дарио Колонья үшінші орынды еншіледі. Ертең "Тур де Ски" көпкүндігінің соңғы жарысы болмақ. Шаңғышылар 9 шақырым қашықтыққа еркін әдіспен жарысады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын осы көпкүндікте А.Полторанин классикалық әдіспен 10 км қашықтықта жеңімпаз атанған болатын.

news.nur.kz сайтының ақпараты бойынша

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или