WTA. София Кенин 2020 жылдың ең үздік теннисшісі атанды

WTA. София Кенин 2020 жылдың ең үздік теннисшісі атанды

Журналистердің нұсқасы бойынша америкалық теннисші София Кенин 2020 жылдың үздік теннисшісі атанды. Бұл туралы WTA баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кенин 2020 жылы Аустралия ашық біріншілігінде жеңіске жетіп, мансабында алғаш рет Үлкен дулыға сериясындағы турнирде жеңіске жетті. Сондай-ақ, «Ролан Гарростың» финалына дейін жетті. Кенин рейтингте 4-орында тұр.

«Жылдың оралуы» атағы беларусьтік 31 жастағы Виктория Азаренкаға берілді. Азаренка 2020 жылы Нью-Йорктегі турнирде жеңіске жетіп, төрт жылдан аса уақыт ішінде алғашқы титулын иеленді. Қазіргі уақытта ол рейтингіде 13-орында тұр.

«Жылдың прогресі» атағы 19 жастағы поляк Ига Швентекке берілді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или