Жәнібек Әлімханұлы: «Канелоның» тас-талқанын шығаруға дайынмын

Жәнібек Әлімханұлы: «Канелоның» тас-талқанын шығаруға дайынмын

Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы промоутері, Top Rank басшысы Боб Арумнан орта салмақтағы чемпиондардың бірімен жекпе-жек ұйымдастыруын сұрады, деп жазады Prosports.kz сайты.

«Боб Арум, мен барлық чемпионның тас-талқанын шығаруға дайынмын! +1 чемпион жасайық! Мурата, «Канело», Чарло, Андраде? Оңай жұмыс! Эгис Климас, 2021 жылды чемпиондық жекпе-жектен бастайық» – деп жазды боксшы твиттердегі парақшасында.

Айта кетейік, дәл қазіргі сәтте орта салмақта төрт әлем чемпионы бар. Олар: мексикалық Сауль Альварес (WBA Super және WBC Franchise), америкалық Джермалл Чарло (WBC) мен Деметриус Андраде (WBO) және Геннадий Головкин (IBF және IBO).

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или