«Қазақ королі» жеңілмеген боксшымен жұдырықтасады

«Қазақ королі» жеңілмеген боксшымен жұдырықтасады

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Виктор Коточигов (12-1, 5 КО) келесі жекпе-жегін 19 желтоқсанда өткізеді.

MTK Global компаниясының ұйымдастыруымен өтетін Ұлыбританиядағы бокс кешінде Виктор Коточигов ирландиялық Гэри Каллинге (11-0, 5 КО) қарсы жұдырықтасады. Боксшылар жеңіл салмақтағы WBO тұжырымының Еуропаның чемпионы белбеуі үшін қолғап түйістіреді. 

Еске салайық, 27 жастағы Виктор Коточигов соңғы жекпе-жегін тамызда Дубайдағы бокс кешінде өткізіп, британиялық Макси Хьюзден (22-5-2, 4 КО) жеңілді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или