NAMYS жобасы: Қайрат Ахметов пен Евгений Егембердиев Іле ауданының жастарына шеберлік сағатын өткізді
Елімізге танымал ММА файтерлері Қайрат Ахметов пен Евгений Егембердиев Іле ауданында Алматы облысының әкімшілігі және UNDERDOG спорт агенттігінің қолдауымен «Намыс» жобасы аясында жергілікті жастармен кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz.
<picture><source type="image/webp" alt="" srcset="https://img.prosports.kz/news/content//202012/200004_ea0f97b2f017f947a078d03d5773ec5e.webp" />
</picture>
</picture>Жобаның мақсаты — жастарға патриоттық тәрбие беру және салауатты өмір салтын қалыптастыру.
<picture><source type="image/webp" alt="" srcset="https://img.prosports.kz/news/content//202012/200004_43a49bf26422744a9ea53ad0eae081c7.webp" />
</picture>
</picture>Спортшылардың жастармен кездесуі үш кезеңге бөлінді: еркін әңгіме, шеберлік-сағаты және қолтанба-сессия. Карантинге байланысты 100-ге жуық адам ғана қатыса алды.
<picture><source type="image/webp" alt="" srcset="https://img.prosports.kz/news/content//202012/200004_4bc98682329673a8da291a27e084a5c0.webp" />
</picture>
</picture>«Бүгінгі шарада жастармен кездесіп, салауатты өмір салты туралы әңгімелестік. Зұлымдыққа жол бермей, түзу жолмен жүру керек екенін түсіндірдік. Кездесу бәріне ұнады деген ойдамын. Өзім де көп әсер алдым», — деді Қайрат Ахметов.
<picture><source type="image/webp" alt="" srcset="https://img.prosports.kz/news/content//202012/200004_9b98d79089cf7f6777e25aa1b4d4a0fe.webp" />
</picture>
</picture>Аталмыш іс-шараны Алматы облысының ішкі саясат басқармасы, «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі және UNDERDOG спорт агенттігі ұйымдастырды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или