Қысқы

FIS желтоқсандағы әлем кубогы кезеңдері мерзімінде өтетінін хабарлады

FIS желтоқсандағы әлем кубогы кезеңдері мерзімінде өтетінін хабарлады
news-banner7
mobile-news-top

Халықаралық шаңғы спорты түрлері федерациясы (FIS) желтоқсан айындағы әлем кубогі кезеңдерін кейінге шегермейтін болды. Бұл туралы ұйымның баспасөз қызметі хабарлады деп хабарлайды Prosports.kz ҰОК сайтына сілтеме жасап.

Айта кетелік, 12-13 желтоқсан күні Швейцарияның Давос және 19-20 желтоқсан күндері Германияның Дрезден қаласында өтетін әлем кубогы кезеңдеріне қатысудан үш құрама бас тартты. Нақтылайтын болсақ, шаңғымен жарысудан Норвегия, Швеция және Финляндия құрамалары әлемдегі коронавирус індетіне байланысты жарысқа қатыспайтындарын мәлімдеген.

Алайда, халықаралық ұйым кейбір құрамалардың бас тартқанына қарамастан, Германия мен Швейцариядағы жарыстың өз мерзімінде өтетінін хабарлады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер