Головкин Лос-Анджелесте баспасөз жиынын өткізді

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин Лос-Анджелес қаласында кездесу алдындағы баспасөз жиынын өткізді, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

«Мартин Мюррей – мықты боксшы, сондықтан оны сыйлаймын. Кәсіпқой рингте мол тәжірибесі бар. Оған АҚШ-қа келу қиындық тудырды. Сол себепті матчты Монакода өткізуді ұйғардық», - деді Головкин.

Сондай-ақ, Генадийдің промоутері Том Леффлер 2015 жылы Головкин жарық жұлдыздармен кездесетінін тілге тиек етті.

Естеріңізге салсақ, британиялық Мартин Мюррей мен Генадий Головкин арасындағы кездесу ақпанның 21-де Монакода өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или