Қысқы

Шаңғымен жарысудан Қазақстан командасы әлем кубогы кезеңдеріне қатыспайды

Шаңғымен жарысудан Қазақстан командасы әлем кубогы кезеңдеріне қатыспайды
news-banner7
mobile-news-top

Бүгін Щучинск қаласында шаңғымен жарысудан Қазақстан біріншілігінің алғашқы туры басталды. Чемпионат барысында команда бас бапкері Александр Батяйкин сұхбат беріп, ұлттық құрама спортшыларының жаңа жылға дейін халықаралық сындарға қатыспайтынын айтты.

«Өкінішке қарай, коронавирустың алдын алу жөніндегі Ведомствоаралық комиссия біздің өтінішімізді қанағаттандырған жоқ. Сондықтан, жаңа жылға дейін Еуропада өтетін әлем кубогы кезеңдеріне қатыса алмаймыз. Бұл біздің спортшыларға ауыр соғуда. Өйткені, 2022 жылғы қысқы Олимпиада ойындарына ұпай жинау кезеңі басталған болатын. Әлем кубогі кезеңдерінің қорытындысы бойынша ұпай жиналып, лицензия беріледі.

2020 жылдың аяғына дейін халықаралық федерация Еуропаның төрт қаласында әлем кубогы кезеңдерін өткізуге рұқсат беріп отыр. 27-29 қараша күндері Финляндияның Рука қаласында, 4-6 желтоқсанда Норвегияның Лиллехаммер қаласында, 12-13 желтоқсанда Швейцарияның Давос және 19-20 желтоқсанда Германияның Дрезден қаласында әлем кубогі кезеңдері өтеді. Әзірге, біз ел чемпионатындағы үздіктерді анықтауға тырысамыз», - дейді бас бапкер.

Түпнұсқасы: Olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер