Күрес

Нұрлан Аманқосов: Жас қыздар көзге түсіп, тартысты күрес көрсетті

Нұрлан Аманқосов: Жас қыздар көзге түсіп, тартысты күрес көрсетті
news-banner7
mobile-news-top

Алматыда «Достық» спорт кешенінде әйелдер күресінен ел үздіктері анықталды. Барлығы 10 салмақта өзара мықтыны анықтаған бұрымды балуандар белдесуін бас бапкер Нұрлан Аманқосов Olympic.kz сайтына қорытындылап берді.

«Алматыдағы әйелдер арасындағы биылғы Қазақстан чемпионаты өте тартысты, өзіміз ойлағандай қызықты белдесулерге толы болды. Жас қыздар да ересектерден қалыспай, жеңіс тұғырына көтерілді».

Бас бапкер Нұрлан Аманқосов биылғы ел біріншілігінің тартысты өткенін тілге тиек етті. Фаворитсіз белдесу барысында бұрымды балуандар арасынан жаңа есімдер де жарқ етіп шығып, бір күнде бапкер көзіне түсіп үлгергендер де бар.

«Жарыс жақсы өтті. Жас қыздар өздерін жақсы жағынан көрсетіп, өте керемет күрес көрсетті. Мәселен, 57 келіде түркістандық Нилуфар Раимова қола жүлдегер атанғанымен тартысты күресті.

Сондай-ақ, 59 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі Нұр-Сұлтан қаласының спортшысы Диана Каюмова да ерекше көзге түсіп, чемпион болды».

Әйелдер күресінен болашақта ел намысын әлемдік аренада абыроймен қорғайтындар қатары күн санап артып келеді. Оны ел чемпионаты барысында отандық балуандардың тартысты белдесулері дәлелдеді. Жеңімпаздар Қазақстан чемпионатына мақсатты түрде дайындалғанын жеткізіп, финалдық кезеңдегі қарсылас күресіне баға беріп те үлгерді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер