«Канело орта салмақта үздік, ал мен супер орта салмақта мықтымын»

WBA нұсқасы бойынша әлем чемпионы, британиялық боксшы Каллум Смит (27-0, 19 КО) мексикалық Сауль Альвареспен болатын жекпе-жек туралы ойын айтты, деп жазады Prosports.kz.
<span>Альварес – Смит жекпе-жегі</span> 19 желтоқсанда Сан-Антониода өтеді.
— Callum Smith (@CallumSmith23) November 17, 2020
Смит «Канеломен» жекпе-жек өткізетініне соңына дейін сенбеген көрінеді.
«Біздің жекпе-жегіміздің жарияланғанын білгенде мен қатты таң қалдым. Өйткені, біз бұл кездесуге келісімшарт жасасқан жоқпыз. Біздің жекпе-жегіміз жарияланғаннан кейін ғана олар бізге ұсыныс жасады. Алғашқыда біз бас тартқанбыз. Бірақ кейінірек, бақытымызға орай, біз бәрімен келісе алдық», - деді Каллум Daily Mail басылымына.
Сондай-ақ, британиялық боксшы Альваресті орта салмақтағы ең мықты боксшы деп атады.
«Канело - орта салмақтағы үздік боксшы. Бұл оның салмағы. Мен өзімді супер орта салмақта үздікпін деп санаймын. Бұл салмақта мен кез келген адамды жеңемін. Жақында бұған өздеріңіз куә боласыздар», - деп қорытындылады Смит.
<h4>«Канело» жеңіліп көрмеген британиялық боксшымен жұдырықтасады</h4> <h4>Головкин - Альварес жекпе-жегі екінші орта салмақта өтуі мүмкін</h4> <h4>«Бұл жолы Альварес Головкинді нокаутпен жеңеді»</h4>