Қазақстан чемпионаты: Шымкент қаласының құрамы белгілі болды
Бокстан ерлер мен әйелдер арасындағы Қазақстан чемпионатына қатысатын Шымкент құрамасының тізімі белгілі болды, деп хабарлайды Olympic.kz. Бұл туралы Қазақстан бокс федерациясының баспасөз қызметі мәлімдеді.
23 қарашада Шымкентте ерлер мен әйелдер арасында бокстан Қазақстан чемпионаты басталады. Осыған орай, Шымкент қаласының құрама командасының аға жаттықтырушысы Жақып Баймұхамбетов қала атынан сынға түсетін спортшыларесімін атады.
Құрама сапында Токио Олимпиадасына жолдама иегері Закир Сафиуллин, жастар арасындағы әлем чемпионы Шалқар Айхынбай және де жастар арасындағы әлем чемпионатының жүлдегері Махмуд Сабырхан бар.
Шымкент сапынан жарысқа қатысатындар:
49 келі: Рысхан Талип,
52 келі: Махмұд Сабырхан, Шалқар Айхынбай
57 келі: Асылжан Серікбай
60 келі: Айдос Ержанұлы
63 келі: Закир Сафиуллин
69 келі: Азат Асанов, Арман Сайлау
75 келі: Қуандык Максут, Әділет Нұғман
81 келі: Жасұлан Омар
91 келі: Наурыз Бегалиев
+ 91 келі: Нұрдаулет Ұланұлы, Нұржан Бекзатов