Дияс пен Шведова балаларға шеберлік сабағын өткізді

Дияс пен Шведова балаларға шеберлік сабағын өткізді

Теннисшілер Зарина Дияс пен Ярослава Шведова өздерінің жас жанкүйерлерімен кездесті. Бұл туралы Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қыметі хабарлады, деп жазады Prosports.kz ҰОК сайтына сілтеме жасап. 

Кәсіби спортшылар болашақ теннисшілерге пайдалы жаттығулар көрсетіп, допты ойынға қосудың тәсілдерін үйретті. Сондай-ақ, спорттағы мансабын қалай бастағанын және жасөспірімдер санатынан кәсіпқойларға қалай ауысқаны туралы әңгімеледі. Дияс пен Шведова қалалық, республикалық, халықаралық турнирлерге мүмкіндігінше жиі қатысудың маңыздылығын атап өтті. Өйткені, жарысқа қатысу арқылы теннисшілер өздерінің ойын деңгейін жоғарылатып қана қоймай, қарсыластардың тактикасына бой үйретеді және көшбасшылық қасиеттерді дамытады.   

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или