Алматыда теннистен «Вельц мемориалы» халықаралық балалар турнирі өтеді

Алматыда теннистен «Вельц мемориалы» халықаралық балалар турнирі өтеді

Ертең ЦСКА теннис корттарында «Вельц мемориалы» халықаралық балалар турнирінің шымылдығы салтанатты түрде түріледі. Шара ҚР Теннис федерациясының ұйымдастыруымен өтпекші, деп хабарлайды ҚР МСМ баспасөз қызметі.

Қазақстандағы теннистің негізін қалаған Августин Вельцтің 100-жылдығына арналған спорттық шараға қонақ ретінде Августин Августинұлының шәкірттері қатысады. Олардың қатарында шетелден келетін КСРО спорт шеберлері Алексей Рудь (Молдова), Ольга Мавродий (Украина) Лилия Максимова (Италия), Михаил Ставбунский (Израиль) және отандастарымыз – әйгілі жаттықтырушының ұлы мен немересі Владимир және Алиса Вельцтер, Алла Венина, Венера Баширова, Марина Ткаченко, Валерий Ковалев және Валерий Литвиновтар да бар.

Естеріңізге саламыз, «Вельц мемориалы» халықаралық балалар турнирі Алматыда 1991 жылдан бері өткізіліп келеді.

Вnews.kz сайтынан

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или