Надаль ATP Қорытынды турнирінің жартылай финалына шықты

Надаль ATP Қорытынды турнирінің жартылай финалына шықты

Испаниялық теннисші Рафаэль Надаль ATP 2020 Қорытынды турнирінің жартылай финалына жолдама алды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Рафаэль соңғы ойында грекиялық Стефанос Циципасты жеңіп, «Лондон-2020» тобында екінші орын алды. Әрі турнирдің жартылай финалына өтті.

2 сағат 5 минутқа созылған бұл кездесуде Надаль 6:4, 4:6, 6:2 есебімен жеңіске жетті.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или