Қазақстандық зілтеміршілер Азия чемпионатында сәтті өнер көрсетуде

Қазақстандық ауыр атлеттер Дохада (Катар) өтіп жатқан Азия чемпионатын сәтті бастады, «PROСПОРТ».

Турнир 17 жасқа дейінгі қыздар мен 20 жасқа дейінгі жігіттер арасында өтті. Қазақстан ауыр атлетикасы федерациясының ақпаратына сүйенсек, 17 жасқа дейінгі жігіттер арасында 50 келіге дейін салмақ дәрежесінде Игорь Сон қос жаттығу бойынша 208 келіні (93+115) бағындырып, алтын жүлде алды. Сондай-ақ, құрамамыздың қоржынына Альберт Линдер де алтын жүлде салды. Ол 20 жасқа дейінгі жігіттер арасында 69 келіге дейін салмақ дәрежесінде 311 (140-171) келіні көкке көтеріп, бірінші орынды еншіледі.

Күміс медальмен қуантқан қазақстандықтар: Айгерім Ауылбек, Кристина Крахалева, Михаил Макеев және Семен Линдер. Тимур Хасаров қола жүлдемен марапатталды.

Аталмыш турнир 7 қаңтарға дейін жалғасады. Сайыстың соңғы күніндег тағы бір зілтеміршіміз Селімхан Абубакаров сынға түседі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или