Жамиля Бақбергенова: Қарсылас таңдамай, кез келген балуанмен белдесуге бармын
19 қараша күні Алматыда күрес түрлерінен Қазақстан чемпионаты басталады. Әйелдер күресінен команда мүшесі Жамиля Бақбергенова Olympic.kz сайтына жарыс алдындағы дайындығымен бөлісті.
<span>– Ұзақ уақыт жарысқа қатыспағанымыз болмаса, жаттығуымызды бір сәтке де тоқтатқан жоқпыз. Карантин болған кезде де жаттығуды жалғастырып, далада, таза ауада, тауда дайындығымызды пысықтадық. Оның қаншалықты нәтижелі болатынын ертең жарыста байқаймыз.</span>
<span>Қазақстан чемпионаты біздің көптен күткен әрі жылдың ең маңызды додасы болғандықтан барлық балуандар ерекше дайындықпен келеді деп ойламын. Бозкілемде қарсыласты таңдамаймыз ғой, кез келген балуанмен белдесуге бармын, - дейді Жамиля Бақбергенова. </span>
<span>Айта кетерлігі, күрес түрлерінен Қазақстан біріншілігі 19-26 қараша күндері Алматыда "Достық" спорт кешенінде өтеді.</span>