Артаев Қонақбаевтың AIBA вице-президенті ретіндегі жұмысын сынға алды

Артаев Қонақбаевтың AIBA вице-президенті ретіндегі жұмысын сынға алды

Бокстан 2004 жылғы Олимпиада ойындарының жеңімпазы Бақтияр Артаев AIBA вице-президенті Серік Қонақбаевтың қызметін сынға алды, деп жазады Prosports.kz.

Артаев бұл ойын Aman Tasygan LIVE ютуб-арнасына берген сұхбатында айтты. 

Оның айтуынша, 1980 жылғы Мәскеу Олимпиадасының күміс жүлдегері, AIBA вице-президенті және Азия бокс конфедерациясының басшысы (2014-2018) Қонақбаевтың аталған жауапты қызметтерді атқаруы Қазақстанға еш пайдасыз болған. 

Бірақ ардагердің спорттағы жетістігін, ерен еңбегін жоғары бағалайтынын айтты.

«Серік ағаны спортшы және адам ретінде сыйлаймын, бірақ Қонақбаев өзін әкімшілік қызметте нашар көрсетті. Қазақстандық спортшыларға жақтаспайды. Оларға араша түспейді. Жанашырлық танытпайды.

Қонақбаевтың жанталасып, айқай-шу шығарғанын көрген емеспін. Бокстағы абыройы мықты шығар, бірақ балалар үшін жанталаспайды. Қазақ балалары әділетсіздіктің құрбаны болып жатқанда жаны ауыратын шығар ағамыздың, бірақ араша түспейді», - деді Бақтияр Артаев.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или