Шведова Брисбендегі турнирдің негізгі кезеңіне өтті

Ярослава Шведова WTA Brisbane International турнирінің негізгі кезеңіне жолдама алды, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Іріктеу кезеңінің финалында қазақстандық теннисші украиналық Марина Заневскаямен кездесті. Бірінші сет барысында 3:5 есебімен жеңіліп жатқан Шведова қатарынан төрт геймді ұтып, 7:5 есебімен жеңіске жетті. Ал екінші сетте Ярослава екі брейк жасап, 6:4 есебімен ұтты. Кездесу 1 сағат, 33 минутқа созылған.

Негізгі кезеңнің бірінші айналымында Шведова әлемнің 26-шы ракеткасы неміс Сабин Лисцкимен кездеседі.

Ярослава Шведова (Қазақстан) – Марина Заневская (Украина) 7:5, 6:4

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или