Тұрсынбай Құлахмет келер жылы чемпиондық жекпе-жек өткізетінін мәлімдеді
Қазақстандық боксшы Тұрсынбай Құлахмет (2-0, 1 КО) бір жылдан соң чемпиондық белбеу үшін жекпе-жек өткізетінін мәлімдеді.
«12 айдан кейін толыққанды белбеу алуды көздеп отырмын», - деді боксшы MTK берген сұқбатында.
Айта кетейік, MTK Global ұйымы ұйымдастырған Ұлыбританиядағы бокс кешінің басты жекпе-жегінде Тұрсынбай Құлахмет қарсыласы Маколей МакГоуанді 14-1-1, 3 КО) төрешілердің шешімімен жеңіп, орта салмақта WBC International чемпионының белбеуін иемденді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или