Марат Мәзімбаев: Осы қарқынынан жаңылмаса, Құлахмет жақын арада әлем чемпионы атанады

Марат Мәзімбаев: Осы қарқынынан жаңылмаса, Құлахмет жақын арада әлем чемпионы атанады

Белгілі қазақстандық боксшы, Халықаралық IBA кәсіпқой әлем чемпионы Марат Мәзімбаев Prosports.kz сайтына берген сұқбатында жақында ғана Ұлыбританиядағы бокс кешінде жеңіске жеткен Тұрсынбай Құлахметтің өнеріне баға берді. 

- Жақында болашағынан үлкен үміт күттіретін қазақстандық боксшы Тұрсынбай Құлахмет Ұлыбританияда жергілікті боксшы Маколей Макгоуанды жеңіп, екінші кәсіби жеңісіне қол жеткізді. Отандық боксшының жетістігін қалай бағалай аласыз?

- Құлахмет айқас барысында бірнеше мәрте қарсыласын нокдаунға жіберді, сондықтан өнер өте жоғары бағалаймын. Алғашқы жекпе-жектен бастап Тұрсынбай мықтылармен ғана төбелесіп, басқа біреудің аумағына барып, бокс кешінің басты шайқасында жеңіске жеткені қуантады және бұл құрметке лайық. Менің ойымша, Тұрсынбай осы қарқынынан жаңылмаса, әлем чемпионы атағы алыс емес.

- Құлахметтің чемпион атағын жеңіп алуға мүмкіндігі мол ғой?

- Бұрын ол әуесқой бокстың жоғары деңгейлі мектебінен өтті, әлем чемпионатының жүлдегері, Азия чемпионы. Қазір өз бабыңда. Оған алға қойған мақсаттарына жету және кәсіби әлем чемпионы болу үшін бар жақсылықты тілейміз.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или