Қазақстандық боксшы Тайсон Фьюриде қонақта болды

Қазақстандық боксшы Тайсон Фьюриде қонақта болды

Қазақстандық былғары қолғап шебері Тұрсынбай Құлахмет (2-0, 1 KO) қолдау көрсеткен жанкүйерлері мен британиялық боксшы Тайсон Фьюриге алғысын жеткізді.

«Ассалаумағалейкум, құрметті қазақ елім. Әуелі Алла, одан кейін өздеріңіздің қолдауларыңыз бен сенімдеріңіздің арқасында жеңіске жеттік. Өзге елдің шаршы алаңына шыққаныма қарамастан сіздердің қолдауларыңызды сезіндім. Артқан үміттеріңізді ақтап, кәсіби бокстағы жеңісті жолымды жалғастырғаныма қуаныштымын.

Осы ретте әлем чемпионы Тайсон Фьюриге командамыздан атымыздан ерекше алғыс білдіремін. Тайсон бізді барғаннан күтіп алып, көмегін аямай, қолдауын көрсетті. Жекпе-жектен кейін де қасымыздан табылып, қонақ қылып күтіп жіберді. Оның адамгершілігі мен қонақжайлығына дән ризамыз. Сондай-ақ екінші жекпе-жегімде-ақ WBC International белбеуіне иелік етуіме мүмкіндік берген MTK Global, MTK Global Kazakhstan ұйымдарына рахмет айтамын», - деп жазды боксшы Instagram-парақшасында.

Айта кетейік, MTK Global ұйымы ұйымдастырған Ұлыбританиядағы бокс кешінің басты жекпе-жегінде Тұрсынбай Құлахмет қарсыласы Маколей МакГоуанді 14-1-1, 3 КО) төрешілердің шешімімен жеңіп, орта салмақта WBC International чемпионының белбеуін иемденді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или