Абылайхан Жүсіпов: Бокстан ел чемпионаты ойдағыдай өтуге тиіс

Абылайхан Жүсіпов: Бокстан ел чемпионаты ойдағыдай өтуге тиіс

Ел боксшылары Қазақстан чемпионатына қызу дайындалып жатыр. Ұлттық құрама үздігі Абылайхан Жүсіпов дүбірлі дода алдындағы дайындық барысы туралы Olympic.kz сайтына әңгімелеп берді, деп хабарлайды Prosports.kz

"Қазір Шымкент қаласында оқу-жаттығу жиыны өтіп жатыр. Қарағанды облысының құрамасы Шымкент қаласы, Атырау және Алматы облысының құрама командаларымен біріккен жаттығу жасап жатырмыз. Қазақстан біріншілігіне дайындық тыңғылықты жүруде. Әрине, қарсыластарды бөліп жарып айта алмаймын. Барлығы үздік атануға үміттеніп, сақадай сай келеді деп ойлаймын.

Біздің кәсіби бокста бағымызды сынап, ұзақ үзілістен кейін рингке шыққанымыз құраманың аға жаттықтырушылары тарапынан айтылған ең ұтымды шешім болды деп ойлаймын. Себебі қазірде боксшылардың барлығы дерлік жарыссыз жүрді. Біздің рингке шығып, жарыс атмосферасын сезіп алғанымыздың ел біріншілігінде пайдасы болады деп ойлаймын", - дейді, боксшы Абылайхан Жүсіпов. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или