Тұрсынбай Құлахмет WBC International белбеуінің иегері атанды

Тұрсынбай Құлахмет WBC International белбеуінің иегері атанды

Ұлыбританияда MTK Global ұйымдастырған бокс кеші өтті. Іс-шараның хедлайнері қазақ боксшысы Тұрсынбай Құлахмет (2-0, 1 KO) болды, деп хабарлайды Prosports.kz

Құлахмет кәсіби рингтегі екінші жекпе-жегін британдық боксшы Маколей МакГоуанға қарсы өткізді (14-1-1, 3 КО). Орта салмақта WBC International чемпионының белбеуі бәске тігілді. Жекпе-жек он раундқа созылды. Британдық бірнеше рет нокдаунға түскен. Нәтижесінде жекпе-жек Тұрсынбай Құлахметтің жеңісімен аяқталды.

«Мен үшін бокстың отанында жұдырықтасу үлкен мәртебе», - деді Құлахмет жекпе-жектен кейін.

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или