Альварес пен Плант арасындағы жекпе-жек қашан өтеді
Орта салмақтағы WBA чемпионы Сауль Альварес (53-1-2, 36 КО) желтоқсан айында супер орта салмақтағы IBF чемпионы Калеб Плантпен (20-0, 12 КО) жұдырықтаспайды, деп хабарлайды Prosports.kz Sports.ru-ға сілтеме жасап.
Бұл туралы The Athletic журналисі Майк Коппинджер хабарлады:
«Дереккөздер Сауль Альварес - Калеб жекпе-жегі туралы келіссөздер тығырыққа тірелгенін айтты. PPV-де осындай көлемдегі кездесу өткізуге уақыт жеткіліксіз. Альварес бір жекпе-жек өткізу нұсқасын қарастырып жатыр».
Промоутер Эдди Хирн «Канелоны» өзінің клиенттерінің бірімен жұдырықтасқанын қалайды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или