Садриддин Ахмедов Монреальда жаттығып жатыр. Видео
Бірінші орта салмақта WBC Asia және WBC Youth World титулдарының иегері, қазақстандық боксшы Садриддин Ахмедов жаттығу процесін жалғастырып жатыр, деп жазады Prosports.kz.
Бұл туралы ол инстаграм желісіндегі жеке парақшасында мәлімдеді.
Ол Монреальдағы (Канада) жаттығу залында ресейлік ауыр салмақтағы Арсланбек Махмудовпен және жергілікті спортшы Эрик Базинянмен бірге жаттығу өткізді.
Айта кетейік, Садриддин Ахмедов соңғы жекпе-жегін желтоқсан айында Канадада өткізіп, аргентиналық Хосе Антонио Вильялобосты (12-6-2, 7 КО) жеңді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или