Үстел теннисінен ел чемпионаты келесі жылы жалғасады
Үстел теннисінен Қазақстанның ашық біріншілігі келесі жылы жалғасын табады.
Бұл туралы ұйымдастыру комитетінің директоры, халықаралық дәрежедегі төреші Тимур Ходжаев мәлімдеді.
Қазақстан ашық біріншілігінің алғашқы айналымы наурыз айының басында Алматы және Павлодар қалаларында өткен болатын. Алайда, коронавирус індетіне байланысты жарыс тоқтап қалды.
Бірінші айналым қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталған жоқ.
2021 жылы Суперлига мен Жоғары лиганың қалған үш турын өткізу жоспарланып отыр.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или