Мадияр Әшкеев жекпе-жегі жайлы мәлімдеме жасады
Қазақстандық боксшы Мадияр Әшкеевтің (14-0, 7КО) қарсыласы белігілі болды.
17 желтоқсанда Лос-Анджелесте өтетін бокс кешінде Мадияр Әшкеев жергілікті спортшы Чарльз Конуэллмен (13-0, 10 КО) жұдырықтасады
«<span>NBCSN алаңында жекпе-жек өткізуге мүмкіндік алғаныма қуаныштымын. АҚШ-тағы алғашқы телевизиялық мэйн-ивентімде өзімді көрсетуге дайынмын. Осы мүмкіндікті ұзақ күттім</span>», – дейді боксшы Boxingscene басылымына.
Еске салайық, қазақстандықтың соңғы жекпе-жегі 2019 жылы 9 қарашада Гавайан-Гарденсте өтті. Сол кезде ол Родольфо Мартинесті (44-9-3, 16КО) жеңіп, АҚШ-тың бос тұрған WBC титулын жеңіп алды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или