UWW әлем чемпионаты туралы шешімді тағы да кейінге қалдырды
Күрестің біріккен әлемі 12-20 желтоқсан аралығында Белградта күрестің үш түрінен өтетін әлем чемпионатының өткізілуін тағы да растай алмады, деп жазады Prosports.kz.
Халықаралық федерация бұл мәселе бойынша соңғы шешімді 6 қарашада UWW Атқару комитетінің отырысында қабылдауы керек еді. Оның орнына бұл мәселеге 10 қарашада оралуға шешім қабылданды.
Қазіргі таңда жаһан біріншілігіне қатысудан АҚШ, Жапония және Куба бас тартты.
Жақында коронавирустың таралуын болдырмау жөніндегі Қазақстан Республикасының ведомствоаралық комиссиясының келесі отырысында Белградтағы әлем чемпионатына ұлттық құрамаларды жібермеу туралы шешім қабылданған еді.
19-26 қараша аралығында Алматыда күрестің үш түрінен ересектер арасында Қазақстан чемпионаты өтеді. Ұлттық чемпионатта қатысушыларға, қонақтарға және бұқаралық ақпарат құралдарына бірқатар шектеулер қарастырылған.