Қазақстандық теннисшілер АҚШ-тағы Challenger турниріне қатысып жатыр

Қазақстандық теннисшілер АҚШ-тағы Challenger турниріне қатысып жатыр

АҚШ-тың Кэри аймағында теннистен ATP Challenger санатына енетін "Cary Challenger" турнирі басталды. Аталған сынға қазақстандық спортшылар да қатысуда деп жазады Prosports.kz ҰОК сайтына сілтеме жасап 

Александр Недовесов алғашқы айналымда АҚШ өкілі Дэннис Новиковқа қарсы ойнап, 6:4, 6:4 есебімен жеңіске жетті. Екінші кезеңде ол тағы бір америкалық спортшы Патрик Кипсонға қарсы шығады. Қазақстандық Дмитрий Попко 9 қараша күні америкалық Улисс Бланшпен кездеседі. Ал 10 қарашада Голубев / Недовесов жұбы америкалық Роберт Холлоуэй мен филиппиндік Трит Хуэйге қарсы ойнайды. Дмитрий Попко канадалық Питер Поланскимен жұптасып сынға түседі.  

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или