Абель Санчес: «Головкинмен 12 раунд бойы бокстасатын боксшы әлі туған жоқ»

Орта салмақта WBA (Super), IBO және WBC (Interim) тұжырымдарындағы әлем чемпионы Геннадий Головкиннің бапкері Абель Санчес қазіргі уақытта бұл салмақта қазақстандық боксшыға тең келер қарсылас жоқ екенін мәлім етті, деп хабарлайды Bnews.kz.

«Орта салмақта Головкинмен 12 раунд бойы бокстасатын боксшы әлі туған жоқ. Мұны мен бұған дейін де талай рет айттым. Котто 5 раунд, Альварес 8 раунд аяқта тұра алмайды», - дейді Абель Санчес.

Айта кету керек, Геннадий Головкин жекпе-жектерінің 90 пайызында нокаутпен жеңіске жеткен, бұл көрсеткіш орта салмақта әзірге рекорд болып саналады. Отандасымыздың келесі кездесуі 2015 жылдың 21 ақпанында Монакода өтеді, оның қарсыласы 32 жастағы британиялық боксшы Мартин Мюррей.

Bnews.kz сайтының материалы бойынша

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или