Қысқы

2021 жылғы қысқы универсиаданың қашан өтетіні белгілі болды

2021 жылғы қысқы универсиаданың қашан өтетіні белгілі болды
news-banner7
mobile-news-top

Қысқы универсиада ойындары 2021 жылдың қаңтарынан желтоқсан айына ауыстырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл жөнінде Халықаралық университеттік спорт федерациясы (FISU) мәлім етті.

Естеріңізге сала кетелік, аталмыш дүбірлі доданы Швейцарияның Люцерн қаласында алдағы жылдың 21-31қаңтарында өткізу жоспарланған. Әлемде жайлаған пандемияға байланысты ол кейінге шегерілген еді .

Ендігі кезекте универсиада өтетін нақты мерзім анықталды. Ол 2021 жылдың 11 және 21 желтоқсан күндеріне белгіленді.

Универсиада ойындары 1959 жылдан бастап тұрақты түрде өткізіліп келеді. 2017 жылы қысқы универсиада Қазақстанның Алматы қаласында ұйымдастырылды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер