Бибосынов: Биылғы чемпионат бұрынғыға қарағанда өзгеше болады
22-29 қараша күндері бокстан Қазақстан чемпионаты өтеді. Жылдың маңызды додасына отандық былғары қолғап шеберлері қызу дайындалып жатыр.
52 келіге дейінгі салмақта жұдырықтасатын ұлттық құрама мүшесі Сәкен Бибосынов республикалық біріншілік алдындағы мақсатымен бөлсті.
- Биылғы Қазақстан Чемпионатына қатысамын. Ел біріншілігіне дайындықты бастадық, бәрі ойдағыдай. Облыстық оқу-жаттығу жиынының соңғы кезеңі қалды. Бапкерлеріміз арнайы тапсырма беріп, бүгінде сол нұсқаулықпен жұмысқа кірістік.
Жасыратыны жоқ, бұл чемпионатқа өткен біріншіліктерге қарағанда өзгеше болайын деп тұр. Ең бастысы қазір жарақаттан сақ болып, бабыммен бағым бірдей жанып, бар күш жігерімді салып, жеңімпаз болғым келеді.
Шаршы алаңды бәріміз сағынып жүрміз. Ұзақ уақыт жарыссыз жүргеннің чемпионатта кері әсерін көрсетеді деп ойламаймын, - дейді боксшы Бибосынов.