Жәнібек Әлімханұлы чемпиондық жайлы мәлімдеме жасады
Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы жақын арада чемпион атануға мүдделі екенін білдіртті.
Top Rank компаниясы дәл қазір әлем чемпионы атағы бар боксшыларының суретін жариялады. Бұған Жәнібек Әлімханұлы жауап қатты.
«Top Rank, жақында мен оларға қосыламын!» — деп жазды боксшы.
Еске салайық, Жәнібек Әлімханұлы соңғы жекпе-жегін 9 қазанда Лас-Вегаста аргентиналық Гонсало Кориаға (16-4, 6 КО) қарсы өткізген болатын. Боксшының командасы биыл жекпе-жек өткізбейтінін мәлімдеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или