«Ақтөбені» Ресей құрамасының бұрынғы ойыншысы жаттықтыруы мүмкін
Ресейлік бұрынғы танымал футболшы Дмитрий Кириченко «Ақтөбе» футбол клубын жаттықтыруы мүмкін, деп жазады Prosports.kz.
Metaratings.ru сайтының хабарлауынша, Кириченко ақтөбелік клубты баптауға басты үміткер. Оның мансап жолы клуб басшылығының көңілінен шығады. Әрі бұл маманның қаржылық талабы да тым жоғары емес. Одан да маңыздысы, оның «Ростов» Курбан Бердыевпен бірге жұмыс істегені ақтөбеліктерді қызықтырып отыр.
«Ақтөбе» басшылығы Кириченкомен келіссөздердің бірінші кезеңін өткізді. Маман басшылыққа жақсы әсер қалдырды, ол жаттықтырушылық қызметке қайта оралуға ниетті.
Команданың бас бапкері қызметіне үміткерлер арасында өзге де ресейлік мамандардың есімдері аталады: Виктор Кумыков пен Юрий Красножан. Сондай-ақ, беларусь маманы Алексей Бага мен украиналық Вячеслав Грозный да бұл қызметке үміткер.
Айта кетейік, «Ақтөбе» өткен жылы Бірінші лигаға түсіп қалған. Ал биыл Премьер-лигаға қайта жолдама алды. Клуб менеджерлері келесі маусымда турнирлік кестенің ортасынан орын алу міндетін қойып отыр.
Ал Кириченко бұрын «Ростовтың» жаттықтырушылар штабында жұмыс істеген, сонымен бірге «Уфаның» бас бапкері болды.
<h4>Кахабер Цхададзе маусым соңында «Ордабасыдан» кетеді</h4>