Аманқосов: Қазақстан чемпионаты нәтижесінде құрама жасақталады
Күрес түрлерінен Қазақстан чемпионатының өтетін уақыты белгілі болды. Әйелдер күресінен ұлттық құраманың бас бапкері Нұрлан Аманқосовтың айтуынша, біріншілікте үздік танылғандар ұлттық құрамаға шақырту алады.
- Қазақстан чемпионатына ұлттық құрама сапынан қатысатындар тізімі біріншілік жақындағанда белгілі болады. Қазақстан чемпионаты нәтижесінде жаңа есімдер шықса ұлттық құрамаға шақыртылып, құрама жасақталады. Жеңімпаз бен жүлдегер атанған спортшылар қатарынан жас балуандар кездеседі деп ойлаймын.
Олимпиада ойындарына дейін қазіргі құрамның өзгеру-өзгермеуі спортшыларға тікелей байланысты. Егер әлемдік додаларда өздерін жақсы көрсетіп, жоғары нәтижеге қол жеткізіп жүрсе, әрине, құрамадағы орындары сақталады. Ал егер жаңа есімдер шығып, жас балуандар халықаралық аренада ел намысын абыроймен қорғап жүрсе, онда соларға мүмкіндік беріледі. Олимпиадаға да дәл солай, кім дайын - сол барады. Қазіргі таңда ұлттық құрамаға қойылған талап та осындай, төрт жылдықтың басты бәсекесі Олимпиада ойындарына көбірек лицензия алу.
Өкінішке қарай, биыл біз әлем чемпионатына қатыспайтын болдық. Бірнеше айдан бері спортшыларымыз үлкен жарыстардан қол үзіп қалды. Спортшыларымызға лицензиялық турнирлердің алдында үлкен әлемдік жарысқа қатысып алғаны дұрыс болатын еді, - дейді бас бапкер.
Айта кетерлігі, күрес түрлерінен Қазақстан чемпионаты 19-26 қараша күндері Алматы қаласында "Достық" спорт кешенінде өтеді.