Күрес түрлерінен Қазақстан чемпионатының өту тәртібі бекітілді

Күрес түрлерінен Қазақстан чемпионатының өту тәртібі бекітілді

Күрестің үш түрінен Қазақстан чемпионаты бекітілді. Жарыс көрерменсіз өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz Қазақстан күрес федерациясына сілтеме жасап.

Ұлттық команда Щучинскідегі оқу-жаттығу жиынын ойдағыдай өткізді. Алдағы ұлттық чемпионат қазақстандық балуандар үшін коронавирус пандемиясынан кейінгі алғашқы маңызды сынақ болмақ. Ол 19-26 қараша аралығында Алматыдағы «Достық» спорт кешенінде өтеді. Бәлкім турнир жеңімпаздары Сербиядағы әлем чемпионатына жолдама алуы мүмкін.
UWW өкілдері Белградта 12-20 желтоқсан аралығында күрестің үш түрі бойынша лицензиялық әлем чемпионатын өткізу туралы алдын ала шешім қабылдады

Айта кету керек, күрестің үш түрінен соңғы лицензиялық әлем чемпионаты өткен жылы Нұр-Сұлтанда өткен болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или