Тұрсынбай Құлахметтің Англиядағы жекпе-жегінің статусы жоғарылады

Тұрсынбай Құлахметтің Англиядағы жекпе-жегінің статусы жоғарылады

Қазақстандық боксшысы Тұрсынбай Құлахмет (1-0, 1КО) бірінші орта салмақтағы WBC International бос белбеуі үшін жекпе-жек өткізеді.

11 қараша күні Ұлыбританияның Уэйкфилд қаласындағы Production Park Studios аренада өтетін MTK Fight Night бокс кешінде Тұрсынбай Құлахмет жеңіліп көрмеген британиялық Маколей Макгоуэмен жұдырықтасады. ESPN мәліметінше, Құлахмет – Макгоуэ жекпе-жегі кештің екінші басты айқасы статусын алды.

Естеріңізге сала кетсек, Тұрсынбай Құлахмет кәсіби рингтегі алғашқы жекпе-жегін 23 тамыз күні Алматыда өткізіп, онда отандасы Сағадат Рахманқұловты (6-2, 4КО) уақытынан бұрын жеңген еді

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или