Жәнібек Әлімханұлы қашан әлем чемпионы атағына таласады
Asianboxing.info басылымы қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (9-0, 5 КО) қашан титулдық жекпе-жек өткізу мүмкін екенін болжап көрді.
<span>«Әлімханұлы биыл тек екі раунд өткізді. Енді жеңіліп көрмеген боксшыны биыл шаршы алаңда көрмейміз. Top Rank компаниясының оған қатысты 2021 жылы үлкен жоспары бар болуы керек. Жыл басында жеңіл бір жекпе-жек өткізіп, одан кейін титулдық айқасқа шығады деп үміттенеміз», – деп жазды басылым. </span>
<span>Еске салайық, Әлімханұлы соңғы жекпе-жегін 9 қазанда Лас-Вегаста аргентиналық Гонсало Кориаға (16-4, 6 КО) қарсы өткізген болатын. Боксшының командасы биыл жекпе-жек өткізбейтінін мәлімдеді.</span>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или