Иван Дычко жыл соңында жекпе-жек өткізеді

Иван Дычко жыл соңында жекпе-жек өткізеді

Олимпиаданың екі дүркін чемпионы Иван Дычко (9-0, 9 КО) жыл соңына дейін кәсіпқой рингте жекпе-жек өткізеді.

Боксшының шаршы алаңға оралатыны жайлы қазақстандық менеджер Зия Әлиев Prosports.kz  тілшісіне айтып берді:

«Жыл соңына таман, желтоқсанда ол шаршы алаңға шығады деп жоспарлап отырмыз. Иван қазір Қазақстанға жаттығып жүр, бірақ жақын арада АҚШ-қа кетеді. Қарсыласы жайлы әзірше ешқандай ақпарат жоқ. Жекпе-жек сегіз раунд болады деп ойлап отырмыз», – деді менеджер.

Айта кетейік, Иван Дычко соңғы жекпе-жегін 2019 жылы өткізіп, америкалық Нэйт Хэвенді (9-3, 7 КО) жеңген болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или