Астанада Қажымұқанға ескерткіш орнатылды

Халқымыздың даңқты балуаны Қажымұқанның ескерткіші туған жерінде орнатылды. Күш атасының сом тұлғасын сомдауға бюджеттің бір тиыны да жұмсалмаған. Алайда, салтанатты ашылу сәтінде облыс әкімі бастаған біраз атқамінерлер ел алдында сөз сөйлеп, халықтың ықыласына бөленді.

Ескерткіштің орнатылуына титтей еңбегі сіңбесе де жиылған жұрттың алдында қошеметке бөленгендердің бірі өңір басшысы Сергей Кулагин. Ал негізінде биіктігі 6 метрден асатын мүсіннің бүкіл шығынын қалталы азаматтар көтерген. Игі бастамаға ауыл тұрғындары да барынша атсалысқан екен. Ескерткішті сонау Шымкентте жасатып, оны әкеліп орнатуға жалпы көлемі 25 млн. теңгедей қаражат жұмсалған. Салтанатты рәсімнен кейін қазақы жоралғымен балуанның атына ас берілді. Ал ауыл тұрғындары болса қазақты әлемге әйгілі еткен күрес шеберінің өз туған жерінде мүсіні орнатылғанына дән риза. Олардың арасында оңтүстіктен арнайы келген балуанның туған немересі де бар.

Нұрлан Қажымұқан, Қажымұқанның немересі:

- 16 бабамыздың тұрған жерін көріп жатырмын. Мына тұста Мұңайтпас бабамыз жатыр. Жерленген жері осы жерде. Бір енді толқитындай болып тұрмыз. Бұл бастамасы.

ktk.kz

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или