Боксшы Поветкин коронавирус жұқтырды

Боксшы Поветкин коронавирус жұқтырды

Ауыр салмақтағы WBC уақытша чемпионы Александр Поветкин коронавирус жұқтырды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл туралы «Мир Бокса» промоутерлік компаниясының жетекшісі Андрей Рябинский мәлімдеді. Оның айтуынша, 41 жастағы спортшының денсаулық жағдайы жақсы.

- Александр Мәскеудегі клиникалардың бірінде. Алаңдайтын ештеңе жоқ. Бірақ симптомсыз емес, температура бар, аздап ауырып қалды. Бірақ оны жақсы дәрігерлер қарап жатыр. Біз Уайтпен реваншты кейінге шегердік. Кездесу өтетін уақыт кейінірек белгілі болады. Қазір денсаулыққа көңіл бөлеміз, -  деді Рябинский «СЭ» басылымына берген сұхбатында. 

Айта кетейік, Поветкиннің Диллиан Уайтпен 21 қарашаға жоспарланған жекпе-жегі кейінге шегеріледі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или