Қазақстан құрамасы лицензиялық әлем чемпионатына қатыспауы мүмкін

Қазақстан құрамасы лицензиялық әлем чемпионатына қатыспауы мүмкін

Күрестің үш түрінен Қазақстан құрамасы Белградта өтетін лицензиялық әлем чемпионатына қатыспауы мүмкін, деп жазады Prosports.kz.

Бұл туралы инстаграм желісіндегі kaz_wrestling<span> </span>_mode парақшасы мәлімдеді.

Сербияда өтетін лицензиялық әлем чемпионатына қазақстандық балуандардың қатыспайтындығын растайтын құжаттың скриншоты желіде жарияланды. Турнир ағымдағы жылдың 12-20 желтоқсаны аралығында өтеді деп жоспарланған. Бұл мәселе бойынша қазірше өзге ресми мәлімдемелер жоқ.

UWW өкілдері қараша айының басында әлем чемпионатының нюанстарына арналған тағы бір онлайн кездесу ұйымдастыруды жоспарлап отыр. Күрестің үш түрі бойынша соңғы лицензиялық әлем чемпионаты өткен жылы Нұр-Сұлтанда өткен болатын.

Айта кетейік, бұған дейін АҚШ пен Жапония командасы Сербияда өтетін лицензиялық чемпионатқа қатысудан бас тарту туралы шешімді қабылдаған болатын. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или