Садриддин Ахмедов келесі айқасын жыл соңына дейін өткізеді
<span>Кәсіпқой рингте жеңіліп көрмеген қазақстандық боксшы, бірінші орта салмақтағы WBC Youth әлем чемпионы Садриддин Ахмедов (11-0, 10 КО) келесі айқасын жыл соңына дейін өткізуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды Prosports.kz сайты ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. </span>
<span>Бұл туралы боксшы Instagram-да жазып, жаттығу кезіндегі видеомен бөлісті. </span>
<span>«Желтоқсандағы жекпе-жекке дайындалып жатырмыз, жаттығу қарқынды әрі сәтті өтуде», - деді ол.</span>
<span>Садриддиннің соңғы жекпе-жегі былтыр 7 желтоқсанда Монреалда (Канада) өткен болатын. Ол жетінші раундта аргентиналық Хосе Антонио Вильялобосты (12-6-2, 7 КО) нокаутқа жіберген еді. Қазақстандық боксшының кәсіпқой рингтегі жұмысын канадалық Eye of the Tiger Management промоутерлік компаниясы жүргізеді.</span>