Токиода олимпиада және паралимпиада алауының 8 айлық туры басталды
<span>Алдағы жылдың жазында Токиода өтетін олимпиада және паралимпиада эстафеталарында қолданылатын екі алау дүйсенбіде Жапония астанасында сегіз айлық турды бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат KYODO NEWS-ке сілтеме жасап. </span>
<span>Олимпиада және паралимпиада алауы турдың бірінші күні Токио үкіметінің ғимаратында көпшілік назарына ұсынылады. Сондай-ақ барлық 62 қаланы, аудандарды, кенттер мен ауылдарды аралайды, тур 3 шілдеге дейін жалғасады.</span>
<span> Адамдар алауды тек жақын жерден ғана көре алады, бірақ оны ұстауға рұқсат етілмейді. Олимпиадалық алау эстафетасы 25 наурызда Фукусима префектурасында Олимпиаданың ашылу салтанатында от жағылған кезде басталып, 9-23 шілде аралығында өтеді.</span>
<span> Ал паралимпиадалық алау эстафетасы 12 тамызда бастау алып, 20-24 тамыз аралығында, екінші паралимпиада ойындары өтіп жатқан кезде Токиоға аттанады.</span>