Мадияр Әшкеев келесі жекпе-жегін желтоқсан айында өткізеді
Қазақстандық боксшы Мадияр Әшкеевтің (14-0, 7КО) келесі жекпе-жегінің күні белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Әшкеев рингке 17 желтоқсанда Лос-Анджелесте (Калифорния) (АҚШ) оралады. Қарсыласы әлі белгісіз.
Еске салайық, қазақстандықтың соңғы жекпе-жегі 2019 жылы 9 қарашада <span>Гавайан-Гарденсте</span> өтті. Сол кезде ол Родольфо Мартинесті (44-9-3, 16КО) жеңіп, АҚШ-тың бос тұрған WBC титулын жеңіп алды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или