Тимченко: Спортшылар үстел теннисін сағынды
<span>Үстел теннисінен жас спортшылар "Ақбұлақ" Олимпиадалық орталығында шеберліктерін шыңдап жатыр. </span>
<span>Жас атлеттер үшін оқу-жаттығу жиыны 23 қазан күні басталған. Құрама жаттықтырушылары Евгений Тимченко, Самат Бейсенов және Александр Брижевскийдің бастауымен спортшылар жалпы физикалық дайындықтарын пысықтады. Карантин аймағанынан шыққаннан кейін құраманың жаттықтырушысы Евгений Тимченко жаттығу жоспарымен бөлісті. </span>
<span>- Жаттығу барысында бізге ауа-райы өте қолайлы болды. Атап айтқанда, таза ауада жүргенде күндіз ауа темрературасы 18-20 градусқа дейін көтерілді. Қазіргі таңда барлық жағдай жасалған залда жаттығуымызды жалғастырып отырмыз. Спортшыларға арналған 14 үстел бар. </span>
<span>Шыны керек, спортшылар үстел теннисін қатты сағынды. Таңертең және түскен кейін 3 сағаттық жаттығуды аса ыждахаттылықпен жасап жатыр. Кешкі астан кейін де бір сағат уақытымызды жаттығуға бөлсек, кешке психологиялық тұрғыдан дайындығымызды жақсартуға кірісеміз. Бұл тұрғыда бізге Қазақстан Ұлттық құрамасының жаттықтырушы-кеңесшісі Дмитрий Левенко көмектеседі, - дейді жасөспірімдер мен жастар құрамасының аға жаттықтырушысы Евгений Тимченко.</span>