Питер Куиллин: «Головкин – өзінше бір құбыжық»

Әлемнің бұрынғы чемпионы Питер Куиллиннің айтуынша, қазақстандық Геннадий Головкинмен жекпе-жекке шығу – аз ғана қаржыға бағаланатын үлкен қатер, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

«Головкин – ол өзінше бір құбыжық. Оның аты бар, бірақ артында ақша мен бизнес сол деңгейге сай келмейді. Геннадий Головкин де жақсы табыс түсірудің амалын іздеп жүр. Оның есімі көп нәрсені бермеуі де мүмкін, бұл – аз ғана қаржыға бағаланатын үлкен қатер. Кейін жанкүйерлеріме жәй ғана айта салуға болады, «Головкинді ұрып тастадым» дегендей. Осымен бітті. Бірақ мен басқаша ойлаймын», - деді Куиллин.

Естеріңізге сала кетсек, 21 ақпанда Монакода Геннадий Головкин британиялық Мартин Мюрреймен жұдырықтасады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или