Абылайхан Жүсіпов профи рингтегі дебютін сәтті өткізді
Қазақстандық боксшы Абылайхан Жүсіпов Атырауда өткен бокс кешінде сәтті өнер көрсетті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Suleimen Promotions компаниясы өткізген кәсіпқой бокс кешінде Жүсіпов алғашқы танзаниялық Мешак Мванкемвамен (21-7, 13 КО) жұдырықтасты. Бірінші орта салмақтағы кездесу (69,85 кг) алты раундқа созылып, төрешілер шешімімен Жүсіпов жеңіске жетті.
Бұған дейін аталған бокс кешінде Евгений Павлов пен Данила Семеновтер профи рингте сәтті дебют жасады.
Еске сала кетейік, Suleimen Promotions серіктесі - UNDERDOG спорт агенттігі.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или