Бекзад Нұрдәулетов кәсіпқой рингте алғашқы кездесуін өткізді

Бекзад Нұрдәулетов кәсіпқой рингте алғашқы кездесуін өткізді

22 жастағы қазақстандық спортшы Бекзат Нұрдәулетов профи рингтегі алғашқы кездесуінде жеңіске жетті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Атырауда өткен бокс кешінде2019 жылғы әлем чемпионы Танзаниялық 28 жастағы тәжірибелі Ибрагим Маоколамен (14-9-1, 9 КО) жұдырықтасты. Жартылай ауыр салмақтағы жекпе-жек алты раундқа жоспарланған, бірақ екінші раундта нокаутпен аяқталды. Айта кету керек, кездесудің алғашқы раундында Нұрдәулетов қарсыласын нокдаунға жіберді.

Еске сала кетелік, Бекзат Нұрдәулетов Токио Олимпиадасында 81 келіге дейінгі салмақта Қазақстанның намысын қорғайды. Ұлттық Олимпиада комитеті оған төртжылдық ойындарына дайындық ретінде кәсіпқой рингте өнер көрсетуге мүмкіндік берді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или