Алматыдағы кештің боксшылар салмақ өлшеу рәсімінен өтті
Алматыдағы MTK Global Golden Contract кешінде жұдырықтасатын боксшылар жекпе-жек алдындағы салмақ өлшеу рәсімінен өтті.
Кеш аясында бес жекпе-жек өтеді:
Мирас Ертанов (1-0) — Дарын Имаханов (1-0) бірінші орта салмақта WBC Asia Youth белбеуі үшін;
Ерасыл Акранбек (1-0) — Нұрбол Сұлтанбай (2-0, 1 КО) бірінші орта салмақта WBO Asia Pacific Youth белбеуі үшін;
Бекет Қожабеков (1-0) — Әлімжан Тұрсынов (3-0, 2 КО) екінші жартылай жеңіл салмақта WBC Interim Asia Youth белбеуі үшін;
Торғынбек Әміров (1-0) — Нұрболат Бекбауов (1-0, 1 КО) екінші жартылай жеңіл салмақта WBO Asia Pacific Youth белбеуі үшін.
Жекпе-жекте жеңіске жеткен боксшылар MTK Global ұйымымен келісімшартқа отырады. Бокс кеші 1 қазан күні Алматыда өтеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или